Бұл туралы ProboxTV-дің proboxtvofficial парақшасында ақпарат жарияланды.
Ертең Иван Дычко АҚШ-тың Флорида штатынде 14 айлық үзілістен кейін алғаш рет жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Аталған айқас алдында отандасымыз салмақ өлшеу рәсімінен өтті. ProboxTV арнансының шоуы аясында Плант-Сити қаласында өтетін кездесуде Дычкоға америкалық Крейг Дьюис (15-7-1, 8 КО) қарсылас болмақ.
АҚШ боксшысы өз қарсыласынан 12 келіге ауыр. Оның салмағы 119 келіден асты. Ал Дычконың қазіргі салмағы 107 келіні көрсеткен. Бұл туралы ProboxTV-дің proboxtvofficial парақшасында ақпарат жарияланды.
Әзірге аталған шоудан отандасымыздың қанша гонорар алатыны белгісіз. Ол кәсіпқой боксқа бет бұрғалы 8 жылға жуықтағанымен әзірге чемпиондық титулға қол жеткізген жоқ. Дычко соңғы жекпе-жегін бір жыл бұрын өткізген болатын. Сол жолы ол Аргентина өкілі Ариэль Эстебан Бракамонтені (13-11-7 КО) сұлатып салып, WBA Fedecaribe белдігіне ие болған еді.