Әлеуметтік желіде танымал боксшы Жанқош Тұраров 28 жастағы қызды зорлады деген ақпарат тараған еді.
Танымал боксшы Жанқош Тұраров қыз зорлады деген күдікке ілінген еді. Осы жағдайға қатысты ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«3 қыз өсіріп отырған әкемін. Төсектес қыз керек болса, маған зорламай-ақ келетін жағдайым бар. Қайдан шыққан жала екенін өзім де түсінбей отырмын. Қазір мәселенің мән-жайын анықтап, кім қандай жала жауып отырғанын анықтаймын», - дейді Тұраров
Естеріңізге сала кетсек, әлеуметтік желіде танымал боксшы Жанқош Тұраров 28 жастағы қызды зорлады деген ақпарат тараған еді.
Оқиға 2024 жылдың 19 тамыз күні түнгі 23-00 шамасында орын алған. Алматы қаласы Әуезов ауданының полиция басқармасына тұрғын үйлердің бірінде зорлық жасалғаны туралы хабар түскен.
28 жастағы жәбірленуші танымал кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраровтың үстінен арызданған. 33 жастағы спортшыны ұстау үшін тиісті шаралар қабылданып жатыр, делінген желідегі ақпараттта.
Алматы қаласының полиция департаменті бұл ақпаратты растады.