$ 494.87  520.65  4.91

Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты үкім қайта қаралды

Алайда сот үкімі өзгеріссіз қалды. 

Фото: newtimes.kz / Бауыржан Жуасбаев
Фото: newtimes.kz / Бауыржан Жуасбаев

21 тамызда Астана қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы бұрынғы министр Арыстанбек Мұхамедиұлы және басқаларына қатысты қылмыстық істі апелляциялық тәртіпте қарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Арыстанбек Мұхамедиұлы лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалана отырып, кінәліге сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін талан-таражға салу арқылы, аса ірі мөлшерде ұрлауды ұйымдастырып, рейдерлік әрекетке бағытталған, өкілеттіктерін теріс пайдалануды ұйымдастырғаны үшін 11 жылға сотталған еді. 

Қорғаушылар, сотталғандар және олардың адвокаттары сот үкімімен келіспей, оған шағым келтірді. Аппеляциялық сот А.Мұхамедиұлы, А.Нұразхан, А.Көшенов және А.Сәдуақасованың шағымын қанағаттандырмады. 

“Астана қалалық сотының сот алқасы шағымдардың дәлелдерін зерделеп, процеске қатысушыларды тыңдап, қылмыстық істің материалдарын зерттеп, сотталғандардың кінәсінің дәлелденгені туралы сот қорытындыларымен келісті. Бірінші сатыдағы сот үкімінің күшін жою немесе өзгерту үшін негіздер анықталмады. Үкім заңды күшіне енді”, – делінген хабарламада.

А.Нұразхан кінәліге сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін талан-таражға салып, аса ірі мөлшерде ұрлыққа қатысқаны үшін қылмыстық кодекстің 28-бабының 2-бөлігі, 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағына сәйкес, мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға өмір бойына тыйым сала отырып, 7 жыл 1 айға бас бостандығынан айырылды. 

Ал А.Көшенов пен А.Садвокасова кінәліге сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін аса ірі мөлшерде, талан-таражға салу жолымен ұрлауға жәрдемдескені үшін қылмыстық кодекстің 28-бабының 5-бөлігі, 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша коммерциялық және өзге де ұйымдарда 10 жыл мерзімге материалдық-жауапты лауазымдармен айналысу құқығынан және 7 жыл 1 айға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ А.Сәдуақасованың жазасын өтеу мерзімі 5 жылға кейінге қалдырылып, ол сот залынан босатылды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары