Министр қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын еске салып, бұл мәселені бақылауда ұстайтынын айтты.
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Қызылорда облысында кәмелетке толмаған қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеу фактісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Біріншіден бұл мәселенің бәрін жіті анықтау керек. Мен облыс әкімімен бұл сұраққа байланысты тығыз байланыстамын және оларға біздің ұстаздарға қатысты жедел шешім қабылдамауды сұрадым. Өйткені бас-аяғын анықтап алу керек. Қазір ішкі істер органдары да бұл мәселеде асығыстық танытпауды айтып отыр. Мен бұл шешіммен келісемін. Сондықтан әр мәселенің артында адам тағдыры тұрғаннан кейін шешім қабылдауда абай болуымыз керек», - дейді Оқу-ағарту министрі елордадағы Тамыз конференциясында.