Бұған дейін белгілі кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров 1996 жылы туған Әнару Құрманәліні зорлады деп айыпталған болатын. Спортшының өзі бұл деректі жоққа шығарып, айналасында түсініксіз жағдай болып жатқанын мәлімдеген.
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров зорлады деген Әнару Құрманәлі Алматы қалалық полиция департаментіне арыз жазды, деп Skifnews.kz ақпарат порталы Meta-ratings.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Жапа шеккен Әнару Құрманәлі шағымын айтуға әзір екенін айтады. Ол Жанқош Тұраровпен арада болған жағдайға қатысты сұраққа жауап беріп, оқиғанын рас екенін жеткізді.
«Бұл дүниеде бар нәрсенің бәрі рас! Мен барлық шындықты айтуға дайынмын», - деді Әнару Құрманәлі.
Алайда ол 19 тамызда болған оқиғаға қатысты кейбір мәліметтер туралы сұраққа жауап беруден бас тартқан. Ал Алматы қалалық полиция департаменті спортшыға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
Бұған дейін белгілі кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров 1996 жылы туған Әнару Құрманәліні зорлады деп айыпталған болатын. Спортшының өзі бұл деректі жоққа шығарып, айналасында түсініксіз жағдай болып жатқанын мәлімдеген. Оның менеджері Лейла Камалова аталған ақпараттың жалған екенін атап, шындыққа жанаспайтынын алға тартып отыр.
33 жастағы Жанқош Тұраров қыркүйек айының соңында Алматыда жекпе-жек өткізбек. Ол өткен жылдың наурыз айныда ІВО нұсқасында әлем чемпионы атанған.