$ 494.87  520.65  4.91

Гүлмира Сатыбалдының адвокаттары судьяға қарсы шықты

Адвокатының айтуынша, судья қорғаушы мен оның адвокаттарының іс жүргізу міндеттерін орындауы үшін қажет жағдайға кедергі келтірген.

Фото: соттан кадр
Фото: соттан кадр

Гүлмира Сатыбалдының адвокаттары судьяға қарсы шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өтіп жатқан Гүлмира Сатыбалдыға қатысты процесі барысында судья сот тергеуінің аяқталғанын және енді жарыссөз болатынын жариялағаннан кейін адвокаттар оған қарсылық білдіру туралы өтініш білдірді.

Гүлмира Сатыбалдының адвокатының айтуынша, судья Кәкімжанов қорғаушы мен оның адвокаттарының іс жүргізу міндеттерін орындауы үшін қажет жағдайға кедергі келтірген. Олардың сөзінше, судья Гүлмира Сатыбалды кінәсіздігінің дәлелдерін ұсынуға және зерттеуге кедергі келтірген. 

Іс бойынша төрағалық етуші судья Мартпек Кәкімжановқа қарсылық білдіруді осы соттың басқа судьясы Еркін Майшинов қарады.

Алайда Сатыбалды тарапының өтініші қабылданбады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары