Жасөспірімді іздеу жұмыстары кешегі күннен басталған.
Атырауда Жайық өзеніне батып кеткен 14 жастағы жасөспірім табылмай жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобынан мәлім еткендей, бұл туралы бүгін 22 тамызда түнгі сағат 01:40–та хабар берілген.
«Атырау қаласына таяу орналасқан Ақжар ауылының тұсында 1 жасөспірімнің суға батып кеткені туралы шақырту түсті. Құтқарушылар оқиға орнына жедел жетіп, 2010 жылғы ұлдың жабдықталмаған орында суға түскенін анықтады. Сүңгуірлері таңға дейін су астында іздестіру жұмысын жүргізді», - деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобынан.
Суға батқан жасөспірімді іздеу таңғы сағат 6:30-да қайта жалғасқан. Оған Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінен 16 құтқарушы, 4 техника, 4 жүзу құралы тартылған.