$ 478.96  533.03  5.22

Криштиану Роналду YouTube канал ашып, әлемдік рекорд орнатты

Дәл қазіргі сәтте жазылушылардың саны 13,7 миллионға жетті.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

«Аль-Наср» клубының шабуылшысы Криштиану Роналду өзінің YouTube арнасын ашты. Португалдық футболшы бір сағаттың ішінде арнада 1 миллион жазылушы жинап, платформа рекордын орнатты. Алғашқы видео жарияланғаннан кейін төрт сағаттан кейін арнаға 4 миллионнан астам адам жазылған. Дәл қазіргі сәтте жазылушылардың саны 13,7 миллионға жетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

«Мен бұл жобаның өмірге келгеніне өте қуаныштымын. Бұл туралы көптен бері ойлап жүрдім, бірақ бізде ақыры оны жүзеге асыруға мүмкіндік туды. Мен әрқашан әлеуметтік желідегі жанкүйерлермен осындай берік қарым-қатынаста болғанды ​​ұнататынмын және менің YouTube арнам маған мұны істеу үшін тағы бір тамаша мүмкіндік сыйлады. Олар мен жайлы және менің отбасым туралы, сонымен қатар өмірдің түрлі сәттеріндегі көзқарасым туралы көбірек білетін болады. Көпшілікті таңғалдыратын қонақтармен сұхбаттасатын сәтті асыға күтемін», - деді Роналду.

Роналду YouTube арнасында 19 бейне жариялады. Роликтердің бірінде ол әртүрлі спорт түрлері мен жұлдыздардың бірін таңдайды. Сондай-ақ, әйелі Джорджина Родригеспен трендтегі ерлі-зайыптылар бір-бірін қаншалықты жақсы білетіндігі туралы видеосын бөлісті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары