22.08.2024, 18:40

«Жалақым – 1,4 миллион, сыйақы 700 мың теңге ғана»: ӘМСҚ басшысы қанша айлық алатынын айтты

Фото: facebook.com/minfingovkz: Depositphotos

Директорлар кеңесінің шешімімен (сыйақы мөлшері) шектелген.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Әбілқайыр Сқақов жалақысы қанша екенін айтты, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Massaget.kz сайтына сілтеме жасап. 

«Жалақыма тоқталайын. Қолға 1 млн 400 мың теңге аламын», - деді Әбілқайыр Сқақов.  

Басқарма төрағасының сөзіне сенсек, орынбасарлары қомақты сыйақы алмайды. Ұжымға берілетін сыйақы нақты қызметкердің KPI-ды орындауына байланысты төленеді.

«Қордың басқарма құрамында 5 адам бар. Соңғы 3 жылда олар бонус алмады. Бұрын алмаған, қазір де алмайды. Мен және орынбасарларым бір жыл ішінде жалпы 600-700 мың теңге көлемінде ғана сыйақы алдық. Директорлар кеңесінің шешімімен (сыйақы мөлшері) шектелген. Ұжым алатын сыйақы қызметкерлердің KPI-мен бекітілген», - деді қордың төрағасы.