$ 494.87  520.65  4.91

Amanat партиясының бұрынғы мүшесі педофилия бойынша күдікке ілінді

Жетісу облысында педофилия бойынша күдікке ілінген Amanat партиясының мүшесі 1 тамызда партиядан өз еркімен шығып кеткен.

Фото: deposit photos.com
Фото: deposit photos.com

Елімізде шенеуніктердің азғын әрекеттері тыйылар емес. Мемлекеттің тәртібін күзетуші де, қоғамның санасын оятушы да, темірдей тәртіппен жүретін әскерилеріміздің де лас әрекетпен көзге түсуі жиілеп кетті. Мемлекет басшысы заңды күшейткенімен, әзірге нақты нәтижелер болмай тұр, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Осыдан 6-7 күн бұрын Жетісу облысы, Ақсу қаласында Amanat партиясының мүшесі 7 жасар ұл балаға азғындық әрекет жасады деген ақпарат тарады. Сондай-ақ, күдікті ретінде 2 айға қамауға алынды. Алайда облыстық партияның баспасөз қызметі, аталған шенді  1 тамызда партиядан өз еркімен шығып кеткенін алға тартты.

«Жетісу облысындағы Amanat партиясы Ақсу аудандық филиалының бұрынғы басшысы С. Жақыпов осы жылы 1 тамызда өтініш беріп, өз еркімен жұмыстан босады», – делінген партия облыстық филиалының баспасөз қызметі хабарламасында.

 

БАҚ беттерінде тараған ақпаратқа сүйенсек, Amanat партиясы Ақсу аудандық филиалының бұрынғы басшысы Серікхан Жақыпов «7 жасар ер баланы зорлаған» деген күдікке ілінген. Қазір ол тергеуге алынып қамауда отыр.

Ашық дереккөздеріндегі ақпаратқа сүйенсек, Жақыпов 2020 жылдың күзіне дейін Ақсу ауданы әкімінің аппаратын басқарған. 2021 жылы Ақсу ауданы бойынша мемлекеттік қызметкерлердің әдеп жөніндегі уәкілі болған. 2024 жылдың 31 наурызында Ақсу аудандық мәслихатының депутаты болып сайланған.

Жетісу облыстық сотының мәліметінше, Ақсу аудандық сотының 2024 жылы 20 тамыздағы ұйғарымымен Жақыпов қамауға алынды.

“Ж.-ға қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы тергеу органдарының өтініші қанағаттандырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ", – делінген сот хабарламасында.

Бізде шенеуніктердің «лас» әрекеттері мұнымен тоқтап қалған жоқ. Өткен жылдың аяғында Талдықорғандағы полиция басқармасының бұрынғы бастығы Марат Күштібаевқа кабинетінде қыз зорлады деген айып тағылып, сотталған еді.

Шенеунік қанша ақталғысы келгенімен, қылмысы дәлелденіп 11 жылға сотталды.

Дәлел бар, бірақ жаза жоқ

Бетін әрі қылсын, бірақ күн сайын осы іспетті жаңалықтарды оқып, етіміз үйреніп кеткендей… Ақпарат таралып, халықтың құлағына жетіп, азаяр дейміз-ау, бірақ жағдай керісінше.

Халықты түзей алмай жүргенде, шенділерге не жорық?! Қылмыстан жалтарып кеткендері қаншама? Мемлекет басшысы заңды күшейткенімен, бұл ешкімге сабақ болмай жатыр.

Әйелдер мен балаларға зорлық-зомбылық көрсетуші жуан жұдырықтылардың жазасын қатаңдату туралы Заң күшіне енді, алдағы уақытта не өзгереді? Ендігі жерде нәзік жандылардың қауіпсіздігіне кепілдік бола ма?

Атышулы Бишімбаевтың соты мен тұрмыстық зорлық-зомбылыққа байланысты заң қабылданғаннан кейін, мемлекеттік қызметтегі шенеунік күйеулерінен зорлық-зомбылық көрдім деген әйел адамдардың видеолары шыға бастады. Аталмыш видеолардан кейін күдікке ілінген шенеуніктер тексеріссіз бірден қызметінен босатылып жатыр. 

«Құқық қорғау органдарына зорлық-зомбылыққа қатысты келіп түсетін арыз-шағымдар өткен жылдармен салыстырғанда азайған. Зорлық-зомбылық жайлы хабарлама түскен бойда полиция қызметкерлері оқиға орнына келіп, мән-жайды анықтайды. Айыпталушының кінәлі немесе кінәсіз екенін сот шешеді. Шенеуніктің қызметінен кетуіне қатысты пікір білдіретін болсақ, мұндай шешімді жұмыс берушісі шығарады», - дейді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ренат Зулхаиров. 

Қоғамдық сана өзгермейінше, педофилия азаймайды

 Нақты айтсақ, мейлі әйел, мейлі ер азамат немесе бала болсын, адам құқықтарының аяққа тапталмауы аса маңызды. Қысым көрген, таяқ жеген, қорлық көрген нәзік жандылар  мен балалардың мәселесі үйдегі зорлық-зомбылық тоқтағанда ғана шешіледі. Ол үшін қоғамдық сана өзгеруі керек. Азаматтардың таным-түсінігіне қозғау салу қажет. Олардың отбасына, жарына және балаларына деген махаббаттарын сөзбен ғана емес күнделікті өмірде өздерінің іс-әректтерімен, қамқорлықтарымен дәлелдеп өмір сүруге қалыптастыру қажет. Отбасының тірегі, отағасы өздері екенін үлкен жауапкершілікпен сезіндіру керек.  Осыған орай Қазақстанда отбасы институтының беделін арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бұл жұмыстар алдағы уақытта өз нәтижесін берері анық. Ал жаңа заң әйелдер мен балалардың құқығын қорғай ала ма? Көп көкейіндегі түйткілді сауал осы...

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары