Баланың халі белгісіз.
Астанада 9 жастағы бала темір қоршаудан секіріп өтпек болған. Ол темір істікке аяғын тығып, түсе алмай қалған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Елордалық құтқарушылар балаға көмекке келді.
«2015 жылы туған ұл бала темір қоршаудан секірмек болып, аяғын қоршаудың істігіне тесіп, өздігінен түсе алмай қалды. Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары гидравликалық құралдардың көмегімен аз уақытта зардап шеккен баланың аяғын босатып, оны жедел жәрдем бригадасының қызметкерлеріне табыстады», - деп хабарлады ТЖМ.
Баланың халі белгісіз.
ТЖМ күнделікті өмірдегі қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігі туралы еске салады.