$ 494.87  520.65  4.91

«Кек қайтару»: Түркістан облысында бір әулеттің 5 адамы адам өлтірді деп айыпталды

"Черный Алмас" сотталушылардың туысын өлтірген екен. 

Фото: видеодан алынған
Фото: видеодан алынған

Түркістан облысында бір әулеттің 5 адамы бірдей ауыр жаза арқалады. Адам атып өлтірді деген күдікпен екі адам 20 жылға, ал қалған үшеуі 25 жылға бас бостандығынан айырылды, деп Skifnews.kz ақпарат порталы КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Телеарна мәліметінше, қанды қылмыс былтыр тамыз айында Арыс қаласында болған. Жер үйдің ауласында демалып отырған жігіттерді бетін тұмшалаған екі жендет қарумен атып кеткен.

Оқиға орнында бокстан бұрынғы облыс чемпионы, "Черный Алмас" лақап атымен танымал Алмас Жолдасов пен 23 жастағы Жандаулет Қабылов көз жұмды.

Айта кетейік, жарақат алған тағы екі адам ауруханаға жеткізілген. Жараланғандардың бірі полиция қызметкері екен. Көп ұзамай 53 және 25 жастағы жалдамалы жендеттер ұсталды. Олар тіпті адам өлтіруге тапсырысты кім бергенін де айтып берген.

"Черный Алмас" сотталушылардың туысын өлтірген екен. Кек қайтару үшін жиналған бір әулеттің жігіттері екі туысын дайындап, қаруына дейін сайлап берген. Кісі өлтірген ағайындылардың екеуі 20 жылға, ал 24, 26 және 20 жастағы қылмысты ұйымдастырушылар 25 жылға сотталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 3
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары