$ 494.87  520.65  4.91

«Аналары емізіп жатып, ұйықтап қалған»: Павлодар облысында екі сәби көз жұмды

Нәрестелер кеудеде басылып қалған. 

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Павлодар облысында бір аптада екі сәби аналарының қателігінен көз жұмды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Оқыс оқиғалар туралы Павлодар облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері хабарлады.

"20 тамыз күні 28 күндік нәресте көз жұмды. Анасы түнде тамақтандыру кезінде ұйықтап қалып, кеудесімен басып қалған", – дейді Павлодар облыстық балалар ауруханасының дәрігері Жұлдыз Шахитдинова.

Ал екінші жағдай 14 тамыз күні болған.

“Нәресте екі ай жеті күндік болған. Шала туылғандықтан салмағы аз. Анасы емізіп жатып ұйықтап қалған. Таңертеңгі сағат 03:15-те әйел оянғанда нәрестені өлі күйінде болған", – дейді дәрігер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 6
Күлкілі 0
Ашулы 19

Серіктес жаңалықтары