Блогер Шымкенттегі 167/3 жалпы режиміндегі колонияда жазасын өтеп жатыр.
Әлеуметтік желідегі сөздерімен басы дауға қалып, істі болған блогер Мұрат Әбділдә бостандыққа шығады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы заңгер Молдахан Әділетхан әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
«Құрметті достар, блогер Мұрат Әбілда түрмеден шықты. Аллаға шүкір. Сот әділ шешім шығарды. Енді соттың үкімін күтеміз, ол шамамен 15 күннен кейін шығады», - деді заңгер.
Айта кетейік, блогер Шымкенттегі 167/3 жалпы режиміндегі колонияда жазасын өтеп жатыр. Ол Instagram-дағы даулы жазбалары мен әнінің салдарынан "әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздырғаны үшін" 4,5 жылға бас бостандығынан айырылған.