$ 495.2  522.34  4.94

Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан Дәкебаев сотталды

Сот Дәкебаевты 2 жылға бас бостандығынан айырды.

Фото: qamqor.gov.kz, видео кадры
Фото: qamqor.gov.kz, видео кадры

Қарағандыда жедел жәрдем көлігі жүргізушісін сабаған Нұрболат Дәкебаевқа үкім шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Қарағанды қаласының Әлихан Бөкейхан аудандық соты Нұрболат Дәкебаевтың қылмысы дәлелденді деп тапты. Жүргізушінің өзі "арандатты" деген нұсқаға сыни қарайтынын мәлімдеді. Сот Дәкебаевты 2 жылға бас бостандығынан айырды.

Соңғы сөзінде Нұрболат Дәкебаев жәбірленушіден, қоғамнан кешірім сұрап, өзін бас бостандығынан айырмауды өтінген еді. Ол тергеу изоляторында 7 ай отырған. Оның тергеу изоляторында отырған бір күні түзету мекемесінде екі күн болып есептеледі.

Жәбірленуші сотталушыдан 5 млн теңге талап еткен. Сот шешімімен Дәкебаев 2 млн теңге өтеуге міндеттелді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары