24.08.2024, 02:30

Жетісу облысында жүк көліктері соқтығысып, 16 көлік жанып кетті (ВИДЕО)

Оның 14-і жүк көліктеріне тиелген жеңіл автокөліктер болған. 

Жетісу облыстық полиция департаментінің хабарлауынша,  бүгін 23 тамызда сағат 18:15 шамасында «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» автожолының 278 -шақырымында  жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Екі жүк көлігі соғылып, 16 көлік өртеніп кетті. Оның 14-і жүк көліктеріне тиелген жеңіл автокөліктер болған. 

Фото: Жетісу облысы ПД

«Бірінші автокөліктің жүргізушісі аман, екінші автокөлік жүргізушісінің тағдыры белгісіз. Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері өрт сөндіріп жатыр. Оқиға себебі анықталып жатыр», - дейді Жетісу облыстық ПД ЖПҚБ бастығы Қайсар Мухметов.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бұл соңғы үш күнде адам өлімімен аяқталған 4-жол көлік оқиғасы.