$ 495.2  522.34  4.94

«Көзім қысық, терімнің қаралау болғанына жазықтымын ба?»: Буллингке ұшыраған балуан қыз өзіне қол жұмсады

Спортшы қыз Мәскеуге үш рет барып, үшеуінде де нәсілшілдіктің құрбаны болғанын жазыпты.

Фото: t.me/cheposhka
Фото: t.me/cheposhka

Ресейде самбошы қыз Ксения Челпанова өзіне қол салып қайтыс болды. Таулы Алтайдың тумасы Новосибирск қаласына көшіп келіп, спорттық мансабын жалғастырмақ болған екен. Алайда, жаңа орта оны қабылдамаған. Мұны ол өлер алдында қалдырған хатында жазып кетіпті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Марқұмның айтуынша, жаңа таныстары оны жиі мазақ етіп, «қыcықкөз» деген лақап ат қойып алған. Көргенде түртпектеп, мазасын жиі алатын көрінеді. Буллингке шыдамаған ол ақыры суицидке барды. 

17 жастағы спортшының қазасы туралы ең бірінші болып Новосибирск аймақтық самбо федерациясы «ВКонтакте» әлеуметтің желісінде жазды.

«Мен бәлкім жақсы адам болмаған шығармын. Бірақ жаман адам дейтіндей әрекет істемедім. Менің кінәм қанша? Көзімнің қысық болып туғаны үшін жазықтымын ба? Терімнің қаралау болғаны да менің кінәм болып санала ма? Мен ешқашан ұлтым үшін ұялған емеспін. Алайда, кейбір адамдар маған қатысты өрескел әзілдеуін қоймады», - деп жазылған Ксенияның қоштасу хатында.

Спортшы қыз Мәскеуге үш рет барып, үшеуінде де нәсілшілдіктің құрбаны болғанын жазыпты. Сондай-ақ, ол суицидке баруына жігітімен болған кикілжіңнің еш қатысы жоқ екенін де жеткізген.

Ксения Челпанова екі жыл бұрын Таулы Алтай қаласынан Новосибирсктегі олимпиадалық резерв колледжіне оқуға түскен болатын. Осыған дейін аймақтық жарыстарда бірнеше рет жүлделі орындарға қол жеткізіп, І разрядты иеленген екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 10
Күлкілі 2
Ашулы 31

Серіктес жаңалықтары