$ 494.87  520.65  4.91

Той қыркүйекте: Нариман Құрбанов сүйіктісіне үйлену туралы ұсыныс жасады

Екеуміз 2018 жылы кездестік, содан бері ажыраған емеспіз.

Фото: inbusiness.kz
Фото: inbusiness.kz

Қазақстандық спортшы Нариман Құрбанов сүйіктісі Аида Бауыржановаға ұсыныс жасады, депхабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Аида Бауыржанова Нариман Құрбановтың ұсыныс жасағаны туралы Instagram парақшасында Stories бөлімінде жариялады.

Ол жігіті сыйлаған сақинаны тағып, фотоға түскен. Сосын желіге жариялаған. Фотосына «Махаббатпен» деп жазып, Нариманның аккаунтын белгілеп қойған.

Еске салсақ, Нариман Құрбанов Париж Олимпиадасында спорттық гимнастикадан күміс медаль иегері. 

«Қыркүйек – бір-бірімізге көбірек көңіл бөліп, өміріміздің жаңа тарауын бастайтын уақыт. Осы күнді асыға күтіп жүрмін. Екеуміз 2018 жылы кездестік, содан бері ажыраған емеспіз. Сүйіктім Аида да гимнаст, біз спорт әлемінде шыңдарды бірге бағындырамыз», - деген еді жуырда спортшы жігіттің өзі.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары