$ 478.96  533.03  5.22

Қарақалпақстандағы киіз үй Гиннестің рекордтар кітабына енді

20 тамызда осы киіз үйде Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев пен кәсіпкерлердің жыл сайынғы диалогы өтті. Мұнда түрлі мәдени шаралар мен форумдар өткізу жоспарланған.

Фото: Өзбекстан Республикасы Туризм комитеті
Фото: Өзбекстан Республикасы Туризм комитеті

Таяуда Өзбекстан президенті кәсіпкерлермен диалог өткізген Нүкіс қаласындағы «Оқ куш» кешеніндегі киіз үй әлемдегі ең үлкен киіз үй ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енді. Құрылымның диаметрі 40,5 метрді құрайды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Inform.kz дерегінше, Қарақалпақстан астанасы Нүкіс қаласындағы «Оқ куш» кешенінде салынған киіз үй қозғалмайтын киіз үй ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енгізілген.

22 тамызда Гиннестің рекордтар кітабы өкілдерінің сертификат табыстау рәсімі өтті. Оған Қарақалпақстан Жоқарғы Кеңесінің төрағасы Аманбай Орынбаев, Қарақалпақстан Президентінің Арал өңірін тұрақты дамыту жөніндегі кеңесшісі Тұрсынхан Худайбергенов және басқалар қатысты. Биіктігі 22 метрлік құрылысты «Orol Agro» компаниясы тұрғызған.

20 тамызда осы киіз үйде Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев пен кәсіпкерлердің жыл сайынғы диалогы өтті. Мұнда түрлі мәдени шаралар мен форумдар өткізу жоспарланған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 22
Ұнамайды 5
Күлкілі 1
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары