$ 498.34  519.72  4.85

БҚО-да жантүршігерлік жол апатынан бес адам, оның ішінде полицей қаза тапты

Қаза тапқандардың бірі – Казталов полиция бөлімінің бірінші орынбасары, полиция майоры Марлен Қарабаев екені анықталды. Онымен бірге жұбайы көз жұмды. Екеуінің артында бес баласы қалды.

Фото: «Уральская неделя»
Фото: «Уральская неделя»

Батыс Қазақстан облысында бес адам, оның ішінде полицей жол апатынан қаза тапты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

«Уральская неделя» басылымының мәліметінше, қайғылы оқиға 24 тамыз күні сағат 7.00 шамасында Жалпақтал кентінің маңындағы Казталовка-Орал тас жолында болды. Автокөлік жол бойында тұрған шөп тиелген жүк көлігімен соқтығысқан.

Автокөлікте бес адам болған. Төртеуі оқиға орнында қаза болды, ал бесіншісі кейінірек ауруханада қайтыс болды.

Қаза тапқандардың бірі – Казталов полиция бөлімінің бірінші орынбасары, полиция майоры Марлен Қарабаев екені анықталды. Онымен бірге әйелі де көз жұмды. Екеуінің артында бес баласы қалды.

Аталмыш басылымның жазуынша, көз жұмғандар сыныптас болған. Қаза болғандар арасындағы тағы бір ерлі-зайыптының жеті баласы бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары