24.08.2024, 18:30

Қазақстандық балуан күрестен әлем чемпионатының алтынына таласады

Фото:Olympic.kz

Турнир барысында қазақстандық балуан Үндістан, Жапония және Иран балуандарынан басым түсті. 

Күрес түрлерінен Иордания астанасы Амманда өтіп жатқан 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық Едіге Қасымбек финалға шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Еркін күрестен  110 келі салмақта  бақ сынап жатқан Едіге финалда америкалық Михаел Моккомен белдеседі. 

Турнир барысында қазақстандық балуан Үндістан, Жапония және Иран балуандарынан басым түсті. 

Айта кетелік, жақында Едіге Қасымбек өз салмағында Азия чемпионы атанған.