$ 498.34  519.72  4.85

Павел Дуров 20 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Айта кетейік, Павел Дуров ресейлік кәсіпкер, ВКонтакте, Telegram әлеуметтік желілерінің негізін қалаушы.

Фото: t.me
Фото: t.me

Павел Дуров Францияда қамауға алынды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол Әзірбайжаннан келіп, жеке ұшағынан түсіп жатқан жерде қолға түсті.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ол өз платформасында көптеген құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың орын алуына жол берді. Сондай-ақ оны “есірткі саудасына, балаларға қарсы қылмыстарға және алаяқтыққа” қатысы бар деп есептейді.

Павел Дуров 20 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ол Франция азаматы ретінде сот алдында жауап береді.

Айта кетейік, Павел Дуров ресейлік кәсіпкер, ВКонтакте, Telegram әлеуметтік желілерінің жасаушысы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары