$ 494.87  520.65  4.91

Қызылордада оқушыны жезөкшелікке мәжбүрлегендер қамауға алынды

Бұдан басқа, осы факті бойынша жауапты лауазымды тұлғаларға қатысты жүргізілген қызметтік тергеу нәтижесінде Қызылорда облысы ПД бірқатар қызметкерлері қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

ҚР Ішкі істер министрлігі Қызылордада 16 жасар оқушыны жезөкшелікке мәжбүрлеу туралы қылмыстық істі тергеудің мән-жайын баяндадын, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Министрлік Қызылорда облысы полиция департаментінің тергеу басқармасы кәмелетке толмағандарды жезөкшелікпен айналысуға тарту фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 134-бабының 3-бөлігі бойынша тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады.

«Бұдан басқа, осы қылмыстық іс шеңберінде ҚК бірнеше бабы бойынша, оның ішінде жезөкшелікпен айналысуға арналған притон ұйымдастыру және жеңгетайлық (309-бабы 2-бөлігі), бопсалау (194-бабы 2-бөлігі), есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын қолдануға көндіргені үшін (299-бабы 3-бөлігі), азаптау үшін (110-бабы 1-бөлігі), кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін (140-бабы 1-бөлігі) тергеу жүріп жатыр», - деп жауап берді министрлік редакцияның ресми сұрауына.

Сондай-ақ, осы фактілер бойынша 8 күдіктіге сот «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады, біреуі үйқамақта.

Бұдан басқа, осы факті бойынша жауапты лауазымды тұлғаларға қатысты жүргізілген қызметтік тергеу нәтижесінде Қызылорда облысы ПД бірқатар қызметкерлері қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 3

Серіктес жаңалықтары