$ 494.87  520.65  4.91

Telegram Дуровтың ұсталуына қатысты алғаш рет пікір білдірді

"Платформаны теріс мақсатта пайдаланғандар үшін осы желі немесе оның иесі жауапты деу – ақылға қонымсыз".

Фото: instagram.com/durov
Фото: instagram.com/durov

Telegram мессенжерінің ресми аккаунты компанияның негізін қалаушы Павел Дуровтың Францияда ұсталуына қатысты алғаш рет түсініктеме берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Telegram Еуропа Одағының заңдарын, соның ішінде Цифрлық қызметтер туралы заңды қатаң сақтайды – оның модерациясы салалық стандарттарға сәйкес келеді және үнемі жетілдіріліп отырады. Telegram басшысы Павел Дуровтың елден жасыратын ештеңесі жоқ және ол Еуропада жиі саяхаттайды. Платформаны теріс мақсатта пайдаланғандар үшін осы желі немесе оның иесі жауапты деу – ақылға қонымсыз. Біз бұл жағдайдың тезірек шешілуін күтеміз. Telegram өздеріңізбен бірге, - дейді компания, - делінген ресми парақшада.

Еске салайық, 25 тамызда "ВКонтакте" әлеуметтік желісінің және Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуровты Париж әуежайында Француз арнайы қызметі ұстаған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары