$ 494.87  520.65  4.91

«Біздің халық қара киінгендерді көшеде жүргізбек түгілі, құшақтап жатқызса да қабылдамайды» – Нұрлан имам

Біз зайырлы мемлекетпіз, біз Ислам мемлекеті емеспіз. Сондықтан қара киінгендерге көз үйренгенше, жалаңаштанғандарға көз тез үйреніп кетті. ЛГБТ-ға үйреніп бара жатырмыз.

Париж Олимпиадасындағы қазақстандық спортшылардың нәтижесінен кейін әлеуметтік желіде «дін спортқа дендеп еніп кетті» деген пікір тараған еді. Осыған байланысты елге танымал Нұрлан Байжігітұлы өз ойын айтты. Оның айтуынша, діннің спортқа еш қарсылығы жоқ. Бұл туралы Нұрлан имам «Qasqa jol» ютуб-каналында қонақ болып, сұхбат беру барысында айтып берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Олимпиадада байқағаным, спортшыларымыз сұхбат беру барысында немесе жеңіліп қалса, «Алла қаласа,  Алланың қалауы болмаған ғой» деген секілді мазмұндағы сөзді көп айтты. Жалпы, жеңілісі болсын, жеңісі болсын Алланы араластыру қаншалықты дұрыс?» деп бағдарлама жүргізушісі Нұрлан имамнан сұрады.

«Енді адам «Алма піс, аузыма түс» деп отыра бермейді ғой. Ал енді адам бәрін өзі шешіп, өзі реттейтін Құдай, Тәңір емес қой. Сондықтан бәрі Алланың қалауы деп кейде өзін жұбату үшін, адам өзін бір тәубеге келтіру үшін солай айтып жатады. Адам өлгенде де солай айтамыз. Алланың қолында деп. Бірақ менің білетінім, біздің спортшыларымыз барын салды деп есептеймін. Деңгейі, әрекеті, бұйырғаны сол шығар. Енді әрі қарай оны тиісті мекемелер зерттей жатар. Енді біреу ұрып жатса, «Құдайдың тағдыры шығар» деп отырған жоқ қой. Олар қолынан келгенше күресті, барын салды. Бірақ діннің ешқандай спортқа қарсылығы жоқ. Қайта адам спорттан белгілі бір кәсіби деңгейде жеткенде ол адамның өсек айтуға, біреумен бірдеңе айтып  таласуға уақыты жоқ. Ол алдына үлкен мақсат қойған, шың-белесті бағындыруды мұрат еткен. Сондықтан ол оған ұмтылады. Сол кезде ол жаратушыны да, өзін де табады. Енді бары сол болса, қолынан келгені осы деп түсіну керек. Дінмен зарядталып, дін оны төмен түсіріп, «ол ұрғанда ұрма» деген ештеңе жоқ. Мәселені дұрыс түсіну керек», – деді ол.

Сондай-ақ Ырыскелді қажы мешітінің бас имамы спортшылардың сақал қоюына қатысты жүргізушінің сұрағына жуап берді.

«Қырғызстанның да спортшыларының арасында сақал қойғандар бар. олардың сақалы Олимпиада, Олимп шыңын бағындыруына сақалы кедергі болды ма? Жоқ, сақал кедергі болмады.  Былай ғой, қазір біз біреуді талдауға құмар болып бара жатырмыз. Елдос сақал қойды ма, қоймады ма Олимпиада шыңын бағындырып келген жоқ па? Қазақтың туын көтеріп, әлемде биік дәрежеде шырқатты. Өздеріңіз көрдіңіздер, Беларусьяны. Бір спортшысы да әнұран қойған жоқ, не мемлекетінің атын айтқан жоқ. Біз олардың күйіне түскен жоқпыз. Екіншісі, келесі көрші мемлекеттің бірде-бір спортшысы қатысқан жоқ. Олардың ішінде де сақалдылар бар. Елдостың өзі көзіне жас алғаны, қазаққа жаны ашығандығы, ұлтын бір белеске шығарғаны шын қуаныш емес пе!? Соның сол бір жақсылығы  халық болып оның сақалын талдайтын дәрежеге жеттік. Ол сақалын қоя ма, басқасын қоя ма, ол өзінің жеке тірлігі», – деді Нұрлан имам.

Сонымен қатар Нұрлан Байжігітұлы қоғамда қара жамылған әйелдер туралы пікір білдірді.

«Біздің халыққа қара киінгендерді жүргізбек түгілі, құшақтап жатқызса да қабылдамаймыз. Мысалы, мен қазақтың азаматы ретінде қабылдамаймын. Қара киінуге қарсымын. Бірақ қара киіну – олардың қалауы шығар. Біз зайырлы мемлекетпіз, біз Ислам мемлекеті емеспіз. Сондықтан қара киінгендерге көз үйренгенше, жалаңаштанғандарға көз тез үйреніп кетті. ЛГБТ-ға үйреніп бара жатырмыз. Соған қарағанда, сахнада боқауыз айтып, ұятсыз киноны талқылайтындарға біздің етіміз үйреніп барады. Қара киінгендерді елдің көзі үйренсін деп көшеде жүргізді делік. Бірақ соларды елдің бәрі жақсы көреді деймісің? Керісінше, елдің бәрі жек көреді. Қара киіну қанымызда жоқ. Қазақты қара киіндіре де алмайды. Хиджаб деген басын жабу емес, қара киіну емес, ол жүректі, арын, намысын жабу. Кию үшін ешкім ақша бермейді, ал шешіну үшін бәрі ақша береді», – деді ол.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 15
Ұнамайды 3
Күлкілі 2
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары