$ 498.34  519.72  4.85

«Қысылып қалған»: Астанада сауда орталығындағы эскалаторда үш бала саусағынан айырыла жаздады

Балалардың саусағын қысып, жарақаттаған эскалатордың тісі сынған болып шықты. 

Фото: газета.ру
Фото: газета.ру

Астанадағы сауда орталықтарының бірінде эскалаторда үш бала саусағынан айырылып қала жаздады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Елордадағы №2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасының ортопедия бөлімінің меңгерушісі Ағабек Чикинаев балалардың жағдайын баяндады. 

"Сауда орталықтарының бірінде екі күннің ішінде үш бала жарақат алды. Саусақтары эскалаторға қысылып қалған. Олар – 2-3 жасар балалар. Саусақтары өте кішкентай. Қадағалаушы орган келіп тексергенде, балалардың саусағын қысып, жарақаттаған эскалатордың тісі сынған болып шықты", – дейді Ағабек Чикинаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары