$ 494.87  520.65  4.91

Синоптиктер алдағы күндерге ауа райы болжамын жариялады

Елдің оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерінде ауа температурасы 22-30 градусқа дейін төмендейді.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

«Қазгидромет» РМК мамандары республика бойынша 27-29 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болып, найзағай соғып, жаңбыр жауады. Республиканың солтүстігінде, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында 29 тамызда қатты жауын-шашын болады. Жоғары қысым есебінен еліміздің  батысында күн жауын-шашынсыз болмақ.

Қазақстан бойынша жел күшейіп, елдің солтүстігінде, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында дауыл соғып, бұршақ жауады. Түнгі және таңертеңгі уақытта солтүстік және шығыс аймақтарда тұман түсуі ықтимал. Сондай-ақ ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды.

Күндіз батыс өңірлерде күн 27-35 градусқа дейін жылиды. Солтүстік-батыс аймақтарда сынап бағанасы 20-30 градус, солтүстікте 17-25, орталықта 18-28 градусты көрсетеді. Елдің шығысында негізгі температураның фоны 18-28 градус жылы, оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарда ауа температурасы 22-30 градусқа дейін төмендейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары