$ 478.96  533.03  5.22

«Әлемдік рекорд»: Қазақ акробаты Шымбұлақта экстрималды трюк жасап, көпшілікті қайран қалдырды

Бейнежазба әлеуметтік желіде 100 мыңға жуық қаралым жинады.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр

Қазақстандық акробат Ғалымжан Әуесбай әлеуметтік желіде 9 орындықтың көмегімен шыңды бағындыған видеосын жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ғалымжан Әуесбай Шымбұлақта биіктігі 3200 метр шыңды бар-жоғы 9 орындықпен бағындырды. 

“Жүрегі ауыратындар бұл видеоны көрмесін. 3200 метр шыңды 9 орындықпен бағындыруға болатын экстрималды трюк”, – деп жазба қалдырды акробат.

Бейнежазба әлеуметтік желіде 100 мыңға жуық қаралым жинады.

Видеоға қатысты Шымбұлақ тау курортының әкімшілігі пікір білдірді.

“Керемет ғажап видео. Бірақ Шымбұлақ тау курорты өзіңіздің және айналадағы адамдардың қауіпсіздігі үшін келесі жолы ондай іс-шараны қайталамауға кеңес береміз”, – деп жазды.

Желі қолданушылары акробаттың тепе-теңдік ұстай отырып, батылдығы мен шеберлігінің арқасында керемет нәтиже көрсеткенін айтып, таңғалды.

“Қорқыныш дегенді білмейді-ау”, “Монтаж, мен сенбеймін”, “Керемет, ғажап видео”, “Мақтанышымыз”, “Шыныменде жүрек жұтқан екенсің ғой”, “Әлемдік рекорд қой мынау”, “Мынаны әлем көру керек”, – деп жазды желі қолданушылары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары