$ 478.93  534.96  5.16

Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты дау: ҚАЖК қызметкерлері жазаланды

Комитет төрағасы пробация қызметіне сот үкімі түскеннен кейін сотталған ер адам сол күні есепке алынатынын баса айтты.

Фото: El.kz
Фото: El.kz

Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің (ҚАЖК) пробация қызметкерлері депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болатты пробациялық бақылауға уақытында тіркемегені үшін жазаланды, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Ішкі істер министрлігінде өткен брифингте Қылмыстық-атқару жүйесі басқармасының бастығы Теңізжан Жәнібековтен биыл мамырда бас бостандығынан айырылған Нұрасыл Болаттың неліктен тек 14 тамызда ғана пробациялық бақылауға алынғаны сұралды.

Комитет төрағасы пробация қызметіне сот үкімі түскеннен кейін сотталған ер адам сол күні есепке алынатынын баса айтты.

"Біз бұған дейін бұл дерекке қатысты ресми пікір білдіріп, үкімнің 14 тамызда орындауға қабылданғанын айтқан болатынбыз. Соған қарамастан, бірқатар кінәлі адам процестік заңбұзушылық үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - деп жауап берді Теңізжан Жәнібеков.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда әскери қызметкер белгілі адвокатты соққыға жыққаны хабарланған болатын. Бұл оқиға 11 ақпанға қараған түні Алматының сауда орталықтарының бірінің маңындағы паркингте болған. Іс қоғамдық дау тудырды. Бұл оқиға туралы заңгер Анна Чернова жазды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары