$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстанда бала туу жасы заңмен бекітілмек

Бұл ұғым халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі кодесіне енгізіледі.

Фото: гемотест
Фото: гемотест

Енді елімізде бала туу жасы заңмен бекітіледі, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

15 пен 49 жас аралығындағы қыз-келіншектер "репродуктивті жаста" болып саналады. Бұл ұғым халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі кодесіне енгізіледі.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 42 жастан кейін қыз-келіншектердің босануы қиындайды. Мұны клиникалық тәжірибе көрсеткен. Жыл сайын репродуктивті клиникаға 49 жастан асқан 25-30 әйел жүгінеді екен. Бұл әйелдер 10-12 жыл бұрын қатырып қойған жұмыртқа клеткасын қолданады немесе экстракорпоральды ұрықтандыру жасайды. Өткен жылы ЭКО-ның қызметіне 28 әйел жүгініп, оның жартысы босаныпты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары