27.08.2024, 11:40

Атырауда изолятор бастығы моншада ұсталды

Фото: Pixabay

Ол 500 мың теңге, яғни 1 миллион теңге параның жартысын алып жатқан кезінде ұсталған. 

Атырауда изолятор бастығы моншада ұсталды, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы Atyrau Online жазды. 

Ондағы мәлімет бойынша, бүгін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті тергеу изоляторының бастығын пара алды деген күдікпен ұстаған. 

Ол 500 мың теңге, яғни 1 миллион теңге параның жартысын алып жатқан кезінде ұсталған.  Дереккөздердің мәліметінше, изолятор басшысы моншада ұсталған. Сонымен қатар, ол тұратын мекенжайда тексеріс жүргізілген.