$ 494.87  520.65  4.91

Бүгін Халықаралық бокс күні (ВИДЕО)

2005 жыл ы Мяньян дағы (Қытай) біріншілікте қазақ боксшыларына тағы 2 алтын медаль бұйырды. Оның біріншісін 64 келі салмақта Серік Сәпиев жеңіп алса, екіншісін 81 келі салмақта Ердос Жаңабергенов иеленді.

AIBA-ның шешімімен мерекелік дата 22 шілдеден 27 тамызға ауыстырылды. Дәл осы күні тарихта бірінші рет бокстан әлем чемпионаты ұйымдастырылған. Қазіргі таңда Халықаралық бокс ассоциациясының құрамында 203 елдің былғары қолғап шеберлері бар, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазақстандық спорт үшін бокстың алар орны ерекше. Тәуелсіздік жылдарынан бері дәл спорт түрі Олимпиада ойындарынан ең көп алтын жүлде қоржынға салды.

Қазақстан тарихында әлем чемпионы атанған боксшылар кімдер?

Фото: Massaget.kz

Осы орайда, Қазақстан атын әлемдік ареналарда танытқан қазақ боксшылары туралы мәлімет ұсынуды жөн көрдік.

Әуесқой бокстан ересектер арасындағы әлем біріншілігі 1974 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Қазақстан тәуелсіздігін алғанға дейін отандастарымыз Кеңес одағы құрамасының сапында шаршы алаңға шығып келгенін жақсы білеміз.

Фото: Olimpic.kz

Ал егемендік алғаннан кейін ел атынан шыға бастадық. Алғаш рет алтын алған отандасымыз – Болат Жұмаділов. Ол 1999 жылы Хьюстондағы (АҚШ) турнирде 51 келі салмақта топ жарды.

Қазақ боксшысы Бекзат Саттарханов халықаралық дәрежедегі және Қазақстанға еңбек сіңірген спорт шебері. Жартылай жеңіл салмақ дәрежесі бойынша Сиднейде өткен жазғы Олимпиадада алтыннан алқа тақты. Ол 2001 жылға санаулы минуттар қалған сәтте Оңтүстік Қазақстан облысындағы Темірлан трассасында автокөлік апатынан қаза тапты.

Фото: vesti.kz 

Василий Жиров – Қазақстан тарихындағы әуесқой және кәсіпқойлар арасындағы әлем чемпионы, бокстан тұңғыш Олимпиада чемпионы.

Фото: Olimpic.kz

2003 жылы Бангкокта өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 2 «алтын» алды. Оның бірін 57 келі салмақта Галиф Джафаров жеңіп алса, екінші алтынды 75 келі салмақта Геннадий Головкин қанжығасына байлады.

2005 жылы Мяньян дағы (Қытай) біріншілікте қазақ боксшыларына тағы 2 алтын медаль бұйырды. Оның біріншісін 64 келі салмақта Серік Сәпиев жеңіп алса, екіншісін 81 келі салмақта Ердос Жаңабергенов иеленді.

Фото: Vesti.kz

Чикагодағы 2007 жылғы чемпионат Серік Сәпиев тағы да жеңіс тұғырының ең биік сатысынан көрініп, екі дүркін әлем чемпионы атанды.

2013 жылы әлем чемпионаты елімізде нақтырақ айтсақ, Алматы қаласында өтті. Аталған додада отандастарымыз 4 «алтын» жеңіп алды.

Олар: 49 келі салмақта Біржан Жақыпов, 64 келі салмақта Мерей Ақшалов, 69 келі салмақта Данияр Елеусінов және 75 келі салмақта Жәнібек Әлімханұлы ел мерейін асырып, алтыннан алқа тағынды.

Коллаж: Sn.kz

2019 жыл ы әлем чемпионаты Екатеринбург (Ресей)қаласында өтті. Онда 81 келі салмақта Бекзат Нұрдәулетов чемпион атанды.

2021 жылы Белград (Сербия) қаласында жалауы желбіреген біріншілікте қазақ боксшыларынан 2 чемпион шықты.

Фото: gov.kz

Олардың бірі – 48 келі салмақта ел намысын қорғаған Теміртас Жүсіпов болса, екінші жүлдені 51 келі салмақта Сәкен Бибосынов жеңіп алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары