Сақалын алмай қасарысқандар «мемлекет заңына бағынбағандар...» бабы мен жауапқа тартылмақ.
Өзбекстанда қауға сақал қойғандарға айыппұл салына бастады. Бұл заң Қазақстанға жете ме? Бұл туралы қоғам белсендісі Тортуыл Шоқан пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Өзбекстан «сақалстан» статусынан ажырамақ.
Сақалын қырмағандарға біздің ұлттық валютаға шаққандағы сомма — 194 мың теңге айыппұл салу басталып кеткен.
Сақалын алмай қасарысқандар «мемлекет заңына бағынбағандар..» бабы мен жауапқа тартылмақ. Бұл заң көп ұзамай бізге де келеді — күтіңдер. Сонда, басы ішінде «грамм» миы жоқ болса да, сақалын сипап тұрып әңгіме айтатындар азаяды. Жә, бұған тағы—уағыз айтуда, оны орындауда шектен шыққан— өздерінен басқа ешкім де кінәлі емес. Өздеріне керек сөздерді — құдайдың аузымен айттырып, «бейбіт діннің» берекетін қашырғандарың рас», – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.