$ 494.87  520.65  4.91

Іле ауданында төтенше жағдай режимі жариялануы мүмкін

Іле ауданының әкімдігінің мәліметінше, кентте жыл сайын жер асты суларының көтерілуіне байланысты ғимараттар мен жертөлелерді су басады, соның салдарынан іргетастар шөгеді.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Алматы облысы Іле ауданының әкімдігі «жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы» шешім дайындады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Іле ауданы, Өтеген батыр ауылдық округі, Өтеген батыр ауылы, З.Батталханов көшесінде орналасқан 1 ғимарат астынан жерасты суының көтерілуі салдарынан кәріз және су құбырларының серпіліп бұзылуына байланысты, жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын»,- делінген «Ашық НҚА» сайтына орналастырылған құжатта.

Іле ауданының әкімдігінің мәліметінше, кентте жыл сайын жер асты суларының көтерілуіне байланысты ғимараттар мен жертөлелерді су басады, соның салдарынан іргетастар шөгеді.

Қазір ҰҚК ғимаратын су басты. Бұл туралы ТЖД 13 тамызда хабарлаған. Дегенмен, әзірге мекемеде ешқандай жұмыс жүргізіліп жатқан жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары