Ол қайтыс болды.
Ақтөбе облысы Дөң ауылында жеңіл көлік ішіндегі 10 жастағы қыз баламен қоса жанып кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінінің жетекшісі Ерболат Сарқұловтың хабарлауынша, оқиға бүгін болды.
- Хромтау ауданының Дөң ауылында аулада тұрған ВАЗ автокөлігі өртенді. Бұл оқиға көрші үйде орналасқан бейнебақылау камераларының жазбаларында бар. Автокөліктің ішінде 10 жастағы қыз бала болған. Ол қайтыс болды. Оқиға кезінде ата-аналары үйде болған. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды, - деп хабарлады Ерболат Сарқұлов.