$ 494.87  520.65  4.91

«Жатын бөлмеме рұқсатсыз кірмеңдер»: Ләйлә Сұлтанқызы бала тәрбиесіне қатысты ойын бөлісті

Психологияда сепарация - баланың ата-анасынан ажырау процесі. 

Фото: instagram.com/sultankyzy/
Фото: instagram.com/sultankyzy/

Белгілі тележүргізуші, журналист Ләйлә Сұлтанқызы ұлдарын жатын бөлмесіне кіргізбейтіні туралы айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Менің жатын бөлмеме рұқсатсыз кірмеңдер деп ұрысамын… Психологияда сепарация - баланың ата-анасынан ажырау процесі. Ол ақырындап тәуелсіз тұлға болып қалыптаса бастайды. Ары қарай жасөспірім екі ұлдың анасының ойы, пікірі деп оқыңыздар!" - деп жазды журналист әлеуметтік желідегі парақшасында.

Медиа маман жазбасында бала тәрбиесіне қатысты түйген ойын жинақтап жазыпты. 

"Жоғарыдағы интернеттен алынған дайын ақпарат қой. Дер кезінде түсіну, бөліну, жіберу, босату болмаған соң, біз көп жағдайда өмірімізді оларсыз елестете алмаймыз. Қаншалықты дұрыс/бұрыс?

Шетелде 18-ге толғанда баланы үйден қуып жібереді екен (өз күнін өзі көрсін, жеке тұлға деп) дегенді естігенмін. "Бұл қалай?" деп ойланып қалдыңыз ба?

Балаларымыз:
Өз өмірі, оны өздігінше қабылдайтынын;
Қарсылық білдірсе, оны қалыпты жағдай екенін;
Біз әперген киімді кимейтінін, біз айтқанды жемейтінін, біз қалаған прическаны таңдамайтынын;
"Өзім білем" деген сөз білмесе де айтыла салатын сөз екенін;
Анашым бос емеспін, сосын хабарласамын дейтінін;

Бізді асырауға міндетті емес екенін, біз ата-аналар қабылдап, ойлап, уайымдап, 18-ге келгенде өз еркіне іштей босата аламыз ба? Босата алмасақ, оны мойындап, босатудың жолдарын кімнен сұрап, қайдан білеміз?" - деп жазды ол желіде. 

"Желі қолданушылары да Ләйлә Сұлтанқызының пікірімен келісетін сияқты. "Негізі бала саналы болса өте дұрыс шешім. Бала 18 жасынан бастап өз бетінше болып өзі шешім қабылдап, ата-анаға мұқтаж болмай, өзі оқуын бітіреді. Өмірге, тіршілікке дайын болады",- деп жазды оқырмандары. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 3
Күлкілі 2
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары