Ол бос орынға жеміс толы жәшігін қойып, адамдарға орын бермей қойған.
Алматыдағы қоғамдық көліктердің бірінде туған жанжал әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Автобуста жүкті әйел егде ер адамнан орын сұраған. Видеодан шетелдік азаматтың бос орынға жеміс толы жәшігін қойып қойғанын көруге болады. Ол орын беруін сұраған келіншектің өтінішін орындаудан бас тартты. Онымен қоймай, әйелді балағаттап, дөрекілік көрсетті.
“Көзіңді аш, шошқа” дейді ер адам міз бақпастан.
Желідегі видеоны көрген адамдар оны Эндрю Нил есімді британдық журналист десе, енді бірі жергілікті тұрғын екенін айтады.
Алматы полициясы болған жағдайға қатысты тексеріс бастаған.