$ 498.34  519.72  4.85

Ақмола облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты

33 жастағы тұрғыны аударылған көлікте езіліп қалды.

Фото: instagram.com/nayzakokshe
Фото: instagram.com/nayzakokshe

Жол апаты 22 тамызға қараған түні Есіл қаласында болған. Полиция қажетті тергеу әрекеттерін жүргізуде, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Жергілікті пабликтің хабарлауынша, опат болған жүргізуші 33 жаста, ал жолаушылар 18-23 жас аралығындағы тұрғындар.

«Жоғары жылдамдықпен келе жатқан көлік апатқа ұшырады. Ауданның 33 жастағы тұрғыны аударылған көлікте езіліп қалды. 18-23 жас аралығындағы үш жолаушы әр жерге домалап құлады. Қаза тапқандардың үшеуі – қыз бала, оның бірі Ресейден әжесіне қонаққа келген», - делінген ақпаратта.

Апатқа Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.

«Осы жылдың 22 тамызында Есіл ауданының аумағында жол-көлік оқиғасы орын алып, салдарынан 4 адам қаза тапты. Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - деп хабарлады полиция агенттікке берген түсініктемесінде.

Оқиғаның мән-жайлары анықталып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары