$ 494.87  520.65  4.91

Алматы облысында мейрамхана маңындағы төбелес өліммен аяқталды: сотталушы ақталды

Сот талқылауында сотталушы К. өз кінәсін мойындап, ісіне өкінетіндігін айтып көрсеткен.

Фото: riavrn.ru/ Андрей Архипов
Фото: riavrn.ru/ Андрей Архипов

Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық сотында бұзақылық және абайсызда адам өлтіру бабы бойынша айыпталған сотталушы К.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап. 

Істің мән-жайын Алматы облыстық соты 2024 жылғы 28 тамызда мәлімдеді.

"Сотталушы К. достарымен мейрамхананың алдына келіп тұрған сәтте мас күйінде жәбірленуші С. белгісіз себептермен сотталушы К.-ны жұдырықпен ұруға әрекет жасаған. Осыдан кейін екеуінің арасында ерегіс туындап сотталушы К. жәбірленуші С.-ны ұрып, соққы жасаған. Соққының салдарынан жәбірленуші С. жерге құлап, жарақат алып, алынған жарақаттардың салдары оның өліміне әкелген",- делінген сот хабарламасында.

Сот талқылауында сотталушы К. өз кінәсін мойындап, ісіне өкінетіндігін айтып көрсеткен.

Сот сотталушы К.-ны ҚР ҚК-нің 104-бабының 1-бөлімі бойынша кінәсіз деп танып, оның әрекетінде қылмыс құрамы болмағандықтан ақтады.

"Сонымен қатар, ҚР ҚК-нің 293-бабының 1-бөлімі бойынша сотталушы К. бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, пробациялық бақылаумен бір жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Сот сотталушы К.-ға қосымша шектеулер де енгізді, оның ішінде ойын-сауық орындарына баруға тыйым салу, тұрғылықты жері мен жұмысын бақылау, сондай-ақ мәжбүрлі еңбекке тарту міндеттемесі енгізілді",- деп хабарлады сот.

Апелляциялық қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы үкімді өзгеріссіз қалдырды.

Үкім заңды күшіне енді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 3
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары