$ 480.63  535.13  5.27

«Спортшыларға миллиардтап ақша бөлінеді, білімді балаларға түк жоқ»: Асқар Жұмаділдаев ғылымның неліктен дамымай жатқанын айтты

Спортшылар арасында чемпион шықса, бәрі үйіп-төгіп сыйлық беруге құмар. 

Фото: abai.kz
Фото: abai.kz

Академик, физика-математика ғылымдарының докторы Асқар Жұмаділдаев спортшыларға жасалатын жағдай білімді балаларға жасалмайтынын айтып, қынжылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ғалым бұған дейінгі Олимпиада ойындарын мысалға келтірді. Оның айтуынша, спортшылар арасында чемпион шықса, бәрі үйіп-төгіп сыйлық беруге құмар. Бірақ бірнеше жылдан кейін, былық ашылып допингпен ұсталп жатқандарды да сөз етті.

"Кеше де чемпион шықты Олимпиадада. Біреудің мұрнын бұзып еді, оған машина да берді, жүз жылқыны да берді, түйені де берді - бәрін де береді. Ойлап қарасаңыз, осындай жетістіктерге математик балаларымыз да жетіп жатыр ғой. Математикадан жыл сайын ұтып жатыр. Неге соларға ең болмағанда біреуі бір велосипед бермейді?! Нағыз бай адам, меценат болса неге математик балаларды қолмасқа? Бір спортшы шықса, оған үйіп-төгіп Үкімет те береді, кейін допинг болып шыға келеді. Кезінде бүкіл зілтемірші допингпен шығып, бірақ ешқайсысы сыйлығын қайтарған жоқ", - деді ғалым.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 15
Ұнамайды 0
Күлкілі 2
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары