#төтенше жағдай #тарих #Президент #Астана #спорт #Алматы #шоу-бизнес #Оқу-ағарту министрлігі #Бас прокуратура #білім беру #Ғани Бейсембаев #ас беру #Рахат Тұрлыханов #комикс #комикстер #Нұрәлі Әлиев #мойын тастар #қой #Майқайың #Смағұл Елубай #Нағима Есқалиева #Тина Канделаки #Елнұр Бейсенбаев #шугаринг #Санжар Тәшкенбай #Странджа Кубогы #қылыш #Қылыш #Қатар мемлекеті #Олжас Бектенов #Жайлы мектеп #ұлттық жоба #сапалы білім #сайттар #есту #көру #Ермұрат Бапи #әкелер #отағасы #Асқар Жұмабеков #хат #ману #сабаншы мысығы #паллас мысығы #манул #криптовалюта #Қазақтан шыққан тұңғыш режиссер қыз #алқабилер #Дала қырандары #жасанды интеллект #суперкомпьютер #жедел желі #зардап шеккендер #залал #Ұлттық гидрогеологиялық #«Қазгидрогеология» #Сырым Әуезхан #Салтанат Нүкенова #Бақытжан Байжанов #чемодан #кірпі #үш жігіт #тоқалдарға арналған чемодан #қазақ жігіт #Күләш Байсейітова #бухгалтер #есепші #Қазақстандық файтер #UFC #ChatGPT #Жаслан Мәдиев #тозақ #Аманжол Рысмендиев #әйгерім есенәлі
$ 479.38  531.63  5.27

«Алтын әкелген қыздың қадірі осы болғаны ма»: Шенеуніктер арбадағы әлем чемпионына бокал сыйлаған

Пара-спорт түрі еместерге үй, көліктің түр-түрін беріп жатыр, тіпті, әлем чемпионы болмаса да. Ал бұл спорт түрінің айырмашылығы неде?

Фото: Іnstagram.com/jarma_audanynyn_akimdigi
Фото: Іnstagram.com/jarma_audanynyn_akimdigi

Абай облысы Жарма ауданы атынан шыққан Пара-армрестлингтен жеті дүркін әлем чемпионы Зарина Примакқа жергілікті билік бокал жинағын сыйлаған. Өңірге қарасты Шар қаласы "Жастар ресурстық" орталығының директоры Рауан Кәкімжанұлы спортшыға тарту ететін басқа "жөні дұрыс" сыйлық болмағанын алға тартты. Алайда шенеуніктердің сыйлығы қазақстандықтардың ашуын туғызды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Stan.kz сайтына сілтеме жасап. 

Зарина Примак жуырда Молдованың Кишинев қаласында өткен Пара-армрестлинг чемпионатында жеңімпаз болды. Чемпионға сыйлық табысталғаны туралы ақпарат, ең әуелі, Жарма ауданы әкімдігінің Instagram-дағы парақшасында жарияланды. Алайда бірнеше уақыттан кейін пост өшірілген. 

Шар қаласы "Жастар ресурстық" орталығының директоры Рауан Кәкімжанұлы жағдайдың анық-қанығын айтып берді. Сөзінше, спортшыны құттықтап баруға бочча жаттықтырушысының өтінішінен кейін барған. Сондықтан өздерімен орталықта бар сыйлықты апарған екен. 

"Орталығымыздың ашылғанына 1,5 жылдан асты. Көп көлемде беретін сыйлығымыз да жоқ. 26 тамызда Кенжехан деген ер адам бізге өзін Шар қаласының мүгедектер қауымдастығының мүшесімін және бочча ойынының бапкерімін деп таныстырды. Бапкер сол кезде Заринаның чемпион болып келгенін айтты. Бірақ өзінен бөлек тағы басқа жандар құттықтап баруын сұрады. Әйтпесе, Зарина Примактың біздің орталыққа қатысы жоқ, қызметкеріміз емес. Алайда орталық ұйымдастырған бір жарыста төреші болғанын еске алып, өз тарапымыздан "Алғыс хат" беруді ұйғардық. Орталықтан атынан берілетін сыйлықтар тізімін көргенде тек доп, шәйнек, фен, скакалка және тағы басқа кішігірім заттар қалған екен. Сыйлық жағынан бізде не бар дейсіз. Оның ішінде ең тәуір дегені осы бокал жинағы болды. Бізде бұдан артық ештеңе жоқ, бұдан артық ештеңе бере алмаймыз. Соны қолыма ұстап алып, асығыс шығып кеттік", – деді Рауан Кәкімжанұлы. 

Рауан Кәкімжанұлының айтуынша, ойында артық ешнәрсе болмаған. Ол құттықтауға аудан әкімінің орынбасары да ілесе барғанын айтты.

"Чемпионның үйінің маңына келгенде Жарма ауданы әкімінің орынбасары өртенген үйдің жағдайын көріп, аралап жүр екен. Себебі бірнеше күн бұрын бір үйде өрт болған. Сөйтіп әкімдіктегілер бірге қосылып бардық. Біз енді өзіміздің сыйлығымыз бен алғыс хатымызды ұсындық. Сол жерде алғыс хатты оқып бердім, ортақ фотоға түстік. Артынша мұны "Шар қаласының мәселелері" парақшасының белсенділері әлеуметтік желіге жариялапты. Желі қолданушылары бұл сыйлықты бүкіл үш орган бірігіп апарды деп ойлаған. Бірақ ол біздің, яғни "Жастар ресурстық орталығының" атынан берілген алғыс хат пен жеке сыйлығымыз. Ал бюджеттен бөлінетін қаражатқа спорттық жарыстарға және түрлі іс-шараларға сыйлықтарды қорап-қораппен алып қоямыз", – деді Рауан Кәкімжанұлы. 

Рауан Кәкімжанұлынан “ең болмаса гүл сыйламадыңыздар ма?” деп сұрадық. Ол қалада гүлді тек мереке кезінде әкелетінін және оны іздеп жүруге уақыт жетпегенін атап өтті.

Аталған жағдай әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен. Желі қолданушылары спортшыға берілген сыйлықты сынап, түрлі пікір қалдырды.

"Масқара, Қазақстанның намысын қорғап, 2 алтын әкелген қыздың қадірі осы болғаны ма? Одан да бермей-ақ қойғаны жақсы еді", "Кейбіреулер үшін пәтерлер, асфальт, ал мұнда тек бокал жинағы", "Пара-спорт түрі еместерге үй, көліктің түр-түрін беріп жатыр, тіпті, әлем чемпионы болмаса да. Ал бұл спорт түрінің айырмашылығы неде?" – деп жазды желі қолданушылары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 2
Күлкілі 12
Ашулы 45

Серіктес жаңалықтары