$ 478.93  534.96  5.16

Жамбыл облысында жеңіл көлік пен танк бетпе-бет соқтығысты (ВИДЕО)

Көлік жүргізушісі жеңіл жарақат алды.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Жамбыл облысында жеңіл көлік танкпен соғысты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қорғаныс министрлігі бұл көлік танкке өзі келіп соқтығысқан деп хабарлайды, өйткені ол жол бермеген, тиісті жол белгісін елемеген. 

– 28 тамызда гвардиялық гарнизонның "Мәтібұлақ" оқу полигонының аумағында жауынгерлік техниканың қозғалысы кезінде Mercedes автокөлігі жол ережесін бұзып, Т-72 танкімен соқтығысқан. Әскери техниканың қозғалатын жері "танкке жол бер" белгісімен жабдықталған", – делінген Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.

Көлік жүргізушісі жеңіл жарақат алды. Ауруханаға жатудан бас тартты және ведомство мәлімдегендей, ешқандай шағым түсірмеген. Қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары