$ 494.87  520.65  4.91

Астанадағы мешіттердің бірінде ер адам өзін-өзі пышақтап тастады (ВИДЕО)

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде таралып жатыр. 

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Астанадағы мешіттердің бірінде шапан киген ер адам өзін-өзі қанжоса етіп, пышақтап тастады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бейнежазбадағы оқиға бойынша, оны оншақты полиция қызметкері қоршап, пышағын тартып алуға әрекет жасауда. Полицияның біреуі қолына орындық ұстап алған. 

Астана қаласы полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, азаматтың жасы 36-да. Алдын ала болжам бойынша ер адам психикалық диспансерде есепте тұрады.

«102 каналына белгісіз ер адам қолына пышақ алып, адамдарға қауіп төндіргені туралы ақпарат тарады. Оқиға орнына полиция дереу жетті. 36 жастағы күдікті ұсталып, полиция бөлімшесіне түсті. Оның пышағы тәркіленді. Тексеру кезінде анықталғандай, азамат 2006 жылдан бері психологиялық диспансерде есепте тұрады», - деп хабарлады полиция департаменті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары