#төтенше жағдай #тарих #Президент #Астана #спорт #Алматы #шоу-бизнес #Оқу-ағарту министрлігі #Бас прокуратура #білім беру #Ғани Бейсембаев #ас беру #Рахат Тұрлыханов #комикс #комикстер #Нұрәлі Әлиев #мойын тастар #қой #Майқайың #Смағұл Елубай #Нағима Есқалиева #Тина Канделаки #Елнұр Бейсенбаев #шугаринг #Санжар Тәшкенбай #Странджа Кубогы #қылыш #Қылыш #Қатар мемлекеті #Олжас Бектенов #Жайлы мектеп #ұлттық жоба #сапалы білім #сайттар #есту #көру #Ермұрат Бапи #әкелер #отағасы #Асқар Жұмабеков #хат #ману #сабаншы мысығы #паллас мысығы #манул #криптовалюта #Қазақтан шыққан тұңғыш режиссер қыз #алқабилер #Дала қырандары #жасанды интеллект #суперкомпьютер #жедел желі #зардап шеккендер #залал #Ұлттық гидрогеологиялық #«Қазгидрогеология» #Сырым Әуезхан #Салтанат Нүкенова #Бақытжан Байжанов #чемодан #кірпі #үш жігіт #тоқалдарға арналған чемодан #қазақ жігіт #Күләш Байсейітова #бухгалтер #есепші #Қазақстандық файтер #UFC #ChatGPT #Жаслан Мәдиев #тозақ #Аманжол Рысмендиев #әйгерім есенәлі
$ 479.38  531.63  5.27

Әскерге шабытпен аттанған балалар табытпен оралмауы керек – депутат

"Дардай баланың әскердегі әжетхананың ішінде құлап, басын жарып алды дегені ақылға қона ма, жоқ па? Мен бұл нұсқаға мүлдем сенбеймін".

Фото: parlam.kz
Фото: parlam.kz

Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев әскердегі әлімжеттік әлі де өршіп тұр деген пікірде, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

«Елін, мемлекетін, Отанын қорғаймын деп әскерге шабытпен аттанған балалар табытпен оралмауы керек. Өзіміз көріп жатырмыз, сап-сау кеткен балалар әскерге барады, 5-10 мың теңгеден әркімнен ақша сұрайды, ең соңында мүгедек болып төсекке танылып келіп жатыр. Осыдан кейін «әскерге балаңды жібер, Отан қорғауы керек» деп біз қай ата-анаға айтамыз,  кімді міндеттейміз, кімді үгіттейміз – сұрақ осында. Сондықтан да мен әскердегі әлімжеттік әлі де өршіп тұр деген пікірдемін. Мұны жоққа шығара алмаймыз», - деді халық қалаулысы Үкімет үйінің кулуарында.

Сөзінше, әскердегі әлімжеттіктен зардап шеккен балаларға қатысты тергеуді де мұқият қарау керек.

«Жуырда біздің бауырымыз (ред. – сарбаз Ербаян Мұхтар) зардап шекті. Алматыда қаралды,  қазір үйіне оралды. Халқымыз 200 млн теңгеден астам қаржы жинап берді. Бірақ дардай баланың әскердегі әжетхананың ішінде құлап, басын жарып алды дегені ақылға қона ма, жоқ па? Мен бұл нұсқаға мүлдем сенбеймін. Сондықтан да әскердегі әлімжеттікті тоқтату керек, реформа қажет. Журналистік мансабымда тиісті министрлікпен сұхбаттасқан кезде олар барлық жерге бейнебақылау камераларын қоямыз деді, барлық жерге қойылса, ол бейнекамера мен нәтижесі қайда? (...) Әскерден бөлек, сол болған жағдайды тексеретін, тергейтін органдардың арасында қандай да бір сыбайластық бар ма деген менде күмән туады. Мұны жоққа шығара алмаймын. Бұл мәселемен жіті айналысуымыз керек», - деді Сәрсенғалиев. 

Ол әскерге толыққанды реформа жасау қажет деген пікірде. 

Өз кезегінде Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова әскерден мүгедек боп оралған Ербаян Мұхтарға қатысты пікір білдірді

«Медициналық көмектің әскери ведомстволық қызметтің мамандарымен көрсетілетінін айта кету керек. Бірақ біз Денсаулық сақтау министрлігі өз тарапынан бұл мәселені ұстап отыр. Тиісті консилиум жүргізуге, басқа да көмек көрсетуге толығыменен дайынбыз. Біз бұл жұмысты атқарып жатырмыз. Негізі ДСМ тарапынан бұл мәселе бақылауда»,  - деді ол.

Сөзінше, әскер қатарында борышын өтеп жүрген жас сарбаздардың денсаулығына тиісті медициналық комиссия қарайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары