02.09.2024, 19:00

Бишімбаев ісі: Жоғарғы сотта Бақытжан Байжановтың шағымы қаралмайтын болды

Фото: Жоғарғы сот

 Ол сот актісіне келіспей, Жоғарғы сотқа кассациялық шағым түсірген.

4 жылға бас бостандығынан айырылған Бақытжан Байжановтың шағымы Жоғарғы сотта қаралмайтын болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл мәліметті Жоғарғы соттың баспасөз қызметі  растады.

«Байжанов 26 тамызда сот актілеріне қатысты кассациялық шағымын қайтарды. Соған байланысты өтінішхаты қаралмайтын болды»,  – делінген хабарламада.

Еске салсақ, бұған дейін Жоғарғы соттың Бақытжан Байжановтың шағымын қарайтыны айтылды. Ол сот актісіне келіспей, Жоғарғы сотқа кассациялық шағым түсірген.