02.09.2024, 23:30

Павлодарлық бапкер 10 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінді

Фото: Pixabay

Павлодар облыстық полиция департаменті ақпаратты растады.

Павлодар тұрғыны 10 жастағы қызға жыныстық зорлық-зомбылық көрсетті деген күдікке ілінді. Күдіктінің футбол жаттықтырушысы екені белгілі болды. Оқиғаға байланысты Павлодар облыстық полиция департаменті ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

"Кәмелетке толмағанға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасады деген күдікпен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, Павлодар қалалық ІІБ уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деп түсіндірді Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тергеу барысы Павлодар облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында екені атап өтілді.