$ 498.34  519.72  4.85

«Аяғын қосып, шашын жинап тұрмай ма». Беташардағы келіншектің образы жұртқа жақпай қалды (ВИДЕО)

«Бандитке сәлем салғызып қойдыңдар ма?».

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр

Желіде ерекше беташардың видеосы тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әлеуметтік желіде тараған видеодан беташар болып жатқанын байқауға болады. Бұл рәсімді аталмыш салттан ерекшелеп тұрған келіннің бір қолтығында тұрған жеңгесінің образы. Шашын жайып, көзіне көзілдірік киген келіншек жұртты өзіне қаратты. Осы тұста желі қолданушылары өз таңданыстарын жасыра алмады.

«Бандит па, не бәле?», «Күйеуі қандай екен?», «Кекірейген келін деген осы шығар», «Оқтау жұтып қойған ба?», «Аяғын қосып, шашын жинап тұрса дұрыс болар еді», «Бандитке сәлем салғызып қойдыңдар ма?», «Қолтықтан сүйеп тұратын басқа келін таппадыңдар ма?», — деп жарыса жазды олар. 

Бүгінде видео екі жүз мыңға жуық қаралым мен бес жүзге жуық пікір білдіріп үлгерген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 9
Күлкілі 5
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары