$ 494.87  520.65  4.91

«Асырап алуға көмектесеміз»: Алматыда бала саудасымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Күдікті қамауға алынды. 

Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz

Алматы полициясы жаңа туған және кәмелет жасқа толмаған балаларды саудаға салмақ болғандардың жолын кесті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Полицияның мәліметінше, 25 тамызда әлеуметтік желідегі “surak.baribar” парақшасында “кәмелетке толмағандар мен жаңа туған сәбилерді заңды түрде асырап алуға көмектесеміз” деген қылмыстық топтың әрекеті туралы ақпарат түскен.

“28 тамызда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қызылорда облысының тумасы, 38 жастағы күдікті анықталды. Кәмелетке толмағандарды сату дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды”, – деді Алматы облысы полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов.

Күдікті қамауға алынды. Қазір барлық қажет тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары