$ 478.96  533.03  5.22

Маңғыстауда көлік өртеніп, 1 бала қаза тапты

Тағы 7 адам ауыр жарақат алды.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Қайғылы оқиға Ақтау-Форт-Шевченко тас жолында 2 қыркүйек күні болды. Көлік өртеніп, оқиға салдарынан 1 бала қаза тапты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

«Сағат 16:04-те Түпқараған ауданы Ақтау-Форт-Шевченко автожолының 43-ші шақырымында жүріп келе жатқан 2005 жылғы Toyota Estima автокөлігі өртенді. Сағат 16:27-де өрт сөндірілді», - деп хабарлады Маңғыстау облысы ТЖД.

Lada.kz жазуынша, ауруханаға 7 адам – төрт ересек және үш бала жатқызылды. Бір бала оқиға орнында көз жұмды. 

«Екі баланың жағдайы тұрақты, үшіншісі – реанимацияда. Реанимацияға түскен баланың оң жақ білегін ампутация жасауға тура келді», - деп хабарлады аурухананың баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары