Ол Қостанай облысының Жангелдин ауданындағы Еңбек ауылында туған.
Осыдан 82 жыл бұрын (1942) жазушы, драматург, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР еңбегі сіңген қызметкері Төлен ӘБДІК дүниеге келді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ол Қостанай облысының Жангелдин ауданындағы Еңбек ауылында туған. 1965 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген.
Фото: novoetv.kz
1965-1970 жылдары «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, 1970-1977 жылдары «Жалын» альманахында бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары, 1977-1979 жылдары «Қазақфильм» киностудиясында бас редактор, 1979-1990 жылдары Қазақстан КП Орталық комитетінде жауапты қызметте болған. Біраз жыл «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының екінші хатшысы болып істеді. 1993-2008 жылдары ҚР Президенті әкімшілігінде жауапты қызметте болды.
Халықаралық Кафка және Қазақстандағы ПЕН клуб сыйлықтарының лауреаты (2003). ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.